Сатира (лат. satira) – күлдіру құралдарының: мысқылдың, кекесіннің, әсірелеудің, гротесктің, тұспалдың, сықақтың көмегімен құбылысты әшкерелеу. Сатира қоғамда байқалған келеңсіздіктерді, оғаш оқиғаларды еркін айтуға мүмкіндік береді.
Абонементтер бөлімінде қазақ әдеби сатирасына арналған кітап көрмесі жұмыс істейді. Көрмеге Т.Әлімбекұлы, К.Әмірбек, О.Әубәкіров, С.Балғабаев, А.Боранбаев,Т.Кенеев, Ғ.Қабышев, Т.Қожакеев, Т.Құлыяс, К.Олжай, А.Тоқмағамбетов, М.Шерім, Ү.Уайдаұлы секілді жазушы-сатирашылардың кітаптары қойылған. Әдеби әзілдің түрі мейлінше алуан түрлі: фельетон, анекдот, мысал, памфлет, сықақ, келемеж.
Көпшілік оқырманға арналған көрме 2019 жылдың 29 ақпанына дейін жұмыс істейді.
Барлығыңызды көрмемізді көруге шақырамыз!