Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қазақтың қос бәйтерегі» Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы
08.02.2019

Қазақстанда еліміздің мәдени өміріне жаңалық енгізген және ізгі дәстүрге айналған республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы бастау алды. Біздің еліміздегі бұл мәдени жоба ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Кітапханалар қауымдастығының ұсынысымен және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдау көрсетуімен өткізіліп келеді.  Жобаның басты міндеті – қазақ әдебиетін насихаттау, жұртшылықтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылығын дамыту, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына көмектесу.

2019 жылы жалпы халықтық оқу үшін Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы мен Әбділда Тәжібаевтың лирикалық шығармалары таңдалды.

Әмбебап оқу залы аталған әдеби оқиғаға арналған «Қазақтың қос бәйтерегі» кітап көрмесімен танысуға шақырады.

Көзге көрінетін «Әбділда Тәжібаев: қазақ поэзиясының пырағы» және «Әбіш Кекілбаев: өмір мен аңыз» атты екі бөлімнің көрнекті жерлеріне аталған авторлардың шығармалары және олардың өмірі мен шығармашылықтары жайындағы тамаша туындылар қойылған.

Сондай-ақ барлық кітап оқығанды ұнататындар үшін 12 жыл ішіндегі республикалық акция авторларының шығармаларына арналған «Ұлы дәуір ұлағаты» бөлімі ұсынылады. Бұл бөлімге өткен акциялар аясында өзіміз оқыған Абайдың, М. Әуезовтың, М. Жұмабаевтың, Ж. Молдағалиевтің, Ж. Аймауытовтың, О. Бөкеевтің, Ф. Оңғарсынованың, С. Мұратбековтың, І. Есенберлиннің, Д. Бабатайұлының, С. Торайғыровтың шығармалары қойылған. Өткен жылы акцияға өзгерту енгізіліп, біз бірден үш кітапты: Шәкәрімнің, Б. Момышұлының, Н. Келімбетовтың шығармаларын оқыған болатынбыз.

Қазақ әдебиетінің тарихына қатысты кітаптар мен республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясына қатысты ресми құжаттар қойылған «Әдебиет және дәуір» бөлімі назар аударуға тұрарлық.

Аталған акцияға белсенді қатысуға, 2019 жылдың басты шығармаларын оқып шығуға, олар туралы достарыңызбен, таныстарыңызбен және отбасы мүшелеріңізбен пікір алмасуға шақырамыз.

Көрме үстіміздегі жылдың соңына дейін жұмыс істейтін болады. Барлығымыз кітап оқиық!

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ