Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Кітапхана – рухани жаңғырудағы басты құндылығымыз»
18.02.2019

Үстіміздегі жылы Қостанай облысының кітапхана өмірінде екі атаулы күн бар: облыстың кітапхана ісіне 125 жыл және облыстық кітапханаға Л. Н. Толстой есімінің берілгеніне 70 жыл толып отыр. Осы оқиғаға орай екінші қабаттың фойесінде сирек кітаптар қорынан алынған әдебиеттер қойылған «Кітапхана – рухани жаңғырудағы басты құндылығымыз» безендірілмелі кітап көрмесі ашылды. Мұндағы тамаша материалдар облысымыздағы кітапхана ісінің, соның ішінде Л. Н. Толстой ат. кітапхананың даму тарихы туралы әңгімелейді. Көрмеге мұрағат, есеп беру құжаттары, ХХ ғасырдың басындағы кітапхана ғимараты бейнеленген фотосуреттер қойылған. Уақыт өте сарғайып кеткен суреттерден Қостанай облыстық кітапханасының бастауында кімдердің тұрғанын және оның дамуына кімдердің өлшеусіз үлес қосқандарын көруге болады. 1949 жыл біздің кітапханамызға ұлы жазушы Л. Н. Толстой есімінің берілуімен айтулы.Кітапханаға Толстойдың есімі кездейсоқ берілген жоқ. Л. Н. Толстойдың Мәскеудегі мұражайының қорында қостанайлық В. И. Касиванов пен И. В. Колесниковтың хаттары сақталған. Олардың әрқайсында жазушыныңөзі қойған белгілері бар. Жазушыға жазылған осы хаттардың, сондай-ақ оларға Толстойдың жауаптарының көшірмелері көрмеге қойылған. Кітапхана ұжымы ұзақ жылдар бойы ұлы жазушының шығармашылығын насихаттап келеді және оны құрметпен еске алады.

Сіздерді үстіміздегі жылдың соңына дейін жұмыс істейтін көрмемізді көруге шақырамыз.

 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ