Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Путешествие в мир чудес»
21.02.2019

20 ақпанда Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК қонақжайында бастауыш сынып мұғалімі Бақытжамал Сейітқызы Әжіғалиеваның «Путешествие в мир чудес» атты жануарлар жайындағы сиқырлы ертегілер мен әңгімелер жинағының тұсаукесері өтті.

Өскелең ұрпаққа адамгершілік және рухани тәрбие беру мәселесі қазіргі кезеңдегі Қазақстан үшін аса өзекті болып табылады. Бұл туралы мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев үнемі айтып отырады. Б. С. Әжіғалиеваның ертегілер жинағы жас оқырмандардың бойында өз істеріне деген жауапкершілік, достық, үлкендерді сыйлау секілді қасиеттерді қалыптастырады.

Тұсаукесер достық ахуалда өтті. Сөз сөйлеген жазушы және баспагер Әбутәліп Әмірұлы Әбдіхалықов пен А. Байтұрсынов ат. ҚМУ оқытушысы Юрий Яковлевич Бондаренко осындай қарапайым, сезімге құрылған ертегілердің өскелең ұрпақ үшін, оларды кітап оқуға дағдыландыру үшін, олардың бойына адамгершілік құндылықтары мен өз беттерінше ойлауды үйрету үшін маңызды екендігін екендігін атап өтті.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ