Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Әдебиеттің хас шеберлері
28.02.2019

27 ақпанда осындай тақырыппен республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында әдеби кеш өтті. Шара шығармалары 2019 жылы жалпы халықтық оқу үшін таңдап алынған Әбділда Тәжібаев пен Әбіш Кекілбаевтің шығармашылығына арналды.

Кештің қонақтары Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы, драматург Ақылбек Шаяхмет және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мархабат Дайырова Әбділда Тәжібаев пен Әбіш Кекілбаевтің шығармашылығына кеңінен тоқталды. Шара барысында екі автордың өмірі мен шығармашылық жолы туралы бейнесюжеттер көрсетілді, сондай-ақ әдеби блогер Марфуға Шапиянның «Аңыздың ақыры» романына шолуы көрсетілді.Әбділда Тәжібаевтің өлеңдері оқылып, әндер орындалды.  Шара акцияға қатысушы авторлардың шығармалары және олардың өмірі мен шығармашылығына қатысты әдебиеттер қойылған кітап көрмесімен сүйемелденді. Шараға ӘБ 6697 жауынгерлері мен ЧелМУ ҚФ студенттері қатысты.

 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ