Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
#8наурыз
01.03.2019

Тілемісова Малика Ғалымжанқызы 1949 жылдың 7 желтоқсанында Челябі облысында туған. 1971 жылы Қостанай педагогикалық институтының тарих факультетіне түседі. 1976 және 1991 жылдар аралығында білім беру саласында тарих мұғалімі болып істейді. 1991 жылы жеке бизнеспен айналысады. 1993 жылы «Сұлтан» жеке ательесін ашады да, оның директоры болады.

«Сұлтан» ЖШС халыққа киім тігу қызметін ұсынатын кәсіпорын ретінде құрылды.

«Sultan» сән салоны Қостанай облысында ұлттық киім дәстүрін қайта жаңғыртуды бастаған алғашқы кәсіпорын болды.

Қазіргі кезде кәсіпорынның өзінің дүкені, VIP-ательесі және шағын фабрикасы бар. Кәсіпорынның үлкен тігін цехі және кесте тігу студиясы бар.

«Сұлтан» сахналық перделерді дайындау және киіз үйлерді безендіру бойынша көшбасшы болып табылады. Шебер қолдардан шыққан киіз үйлер өнер туындыларына айналады және қанық бояуларымен, өзара үйлесім тапқан ұлттық үлгідегі ою-өрнектерімен көз қуантады.

«Сұлтан»– бұл еуропалық тауар өндірушілерден алынатын ерекше маталар мен уақ-түйек заттар салоны. Мұнда тек бірдеңе сатып алу үшін ғана емес, сондай-ақ пікір алысу, кәсіби шеберлерден кеңес алу үшін де келеді. Олар өздері туралы «Біздің жұрт білетін өзіміздің стиліміз бар. Бізге қарайды, бізден көшіреді, бізге ұқсағысы келеді және бізден үйренеді. Біздің бұйымдарымызды сүйіспеншілікпен, талғаммен және білімділікпен жасалған деп бағалайды. Кәсіпорынның өнімдері отандық қана емес, сондай-ақ шетелдік клиенттерге де белгілі»,-дейді.

«Sultan - SanBell» сән агенттігі өз жұмысын 2001 жылдың сәуірінде бастады. Балаларды оқытудан басқа «Sultan - SanBell» сән агенттігі барлық қалалық және облыстық шараларға, түрлі акцияларды өткізуге, киімдерді көрсетуге қатысады, өңірлік сұлулық байқауын өткізеді, тойлар мен мерейтойлық салтанаттарға қатысады.

«Sultan - SanBell» – Қостанай қаласындағы «FashionHouseInternational» компаниясының бірден-бір өкілі.  «FashionHouse» басты әлемдік жарнама агенттіктерімен, продюсерлік орталықтармен және киностудиялармен (Еуропадағы, Канададағы, АҚШ-тағы 30 астам агенттік) жұмыс істейді, сондай-ақ үлгілерін басты сәнгерлердің көрсетулеріне, белгілі жылтыр журналдардың, таныстырылымдардың түсірілімдеріне апарады.

Қазіргі кезде Тілемісова Малика Ғалымжанқызы Қостанай облысындағы тігін-сән ісі кәсіпкерлерінің ішіндегі ең үздіктерінің бірі. Оның ұраны болған «дәстүр және қазіргі заман» фирма жұмысының барлық саласының негізі болып табылады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus