Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
#8наурыз
01.03.2019

Динара Өтебаева бірқатар қызметтер атқарып үлгерді. Ол Қазақстанның мыңдаған бозбалалары мен бойжеткендері үшін үлгі бола алады. Оның еңбек жолы 1997 жылы З.Алдамжар атындағы қоғамдық қордан басталды, кейін «Алғабас» инновациялық-холдингтік компаниясында жалғасты.  

Азаматтық ұстанымының белсенділігі арқасында Динара Өтебаева облыс әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясы филиалының түрлі комиссияларының құрамына кіреді. Солардың ішінде әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі, кәмелетке толмағандар ісі бойынша, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс істеу бойынша комиссиялар және т.б. бар. 2017 жылы облыс жұртшылығы оны ҚР Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істер агенттігі департаментіндегі Сыртқы анализ және 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыруды бағалаудың арнайы мониторинг тобының  төрағасы етіп сайлап алды.

Қазіргі кезде ол «Қостанай облысының «ГрИн» азаматтық альянсы» ҚБ төрағасы, ҮЕҰ облыстық ресурстық орталығының жетекшісі және Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың «АСЫЛ БАЛА» республикалық қауымдастығының Қостанай облысы бойынша» директоры болып табылады.

Динара Өтебаева жұмысбастылығына қарамастан өзін асыға күтетін балалар үйінің тәрбиеленушілеріне көп көңіл бөледі. Ол оларға жүрек жылуын сыйлай біледі, шынайы көңіл бөліп, қамқорлық жасайды. Бұған тек материалдық көмек көрсету ғана кірмейді, оның ішінде белсенді өмірге тарту да бар – еріктілердің командаларымен бірге балалармен ойындар, спорт жарыстарын, шығармашылық байқаулар өткізеді, сондай-ақ балалар үйінің балаларын тек көріп қана қоймай, өздерінің де қатысулары үшін өзінің іс-шараларына шақырады. 

2017 жылы  Динара Өтебаева ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев ат. Қостанай  академиясының негізінде «Сақшы» әскери-патриоттық клубының құрылуына мұрындық болды, қазіргі кезде мұнда облыстық Жастар үйінің 20 тәрбиеленушісі айналысып жүр. Клубтағы қиын жеткіншектермен жүргізілген жұмыстар өз нәтижелерін бере бастады – балалардың тәртібі мен өмірге деген көзқарасы өзгерді, қаланың қоғамдық өмірінде белсенділік танытуда. 2018 жылы Динара Өтебаева балаларды саламатты өмір салтына тарту үшін Жастар үйінің жертөлесін спорт залы ретінде қайта құруға қаражат жинау мақсатында «Болашаққа қадам – шаг в будущее» атты жетім балаларға қолдау көрсету акциясын ұйымдастырды. Акцияға үкіметтік емес ұйымдар, бастамашыл топтар мен бизнес-қауымдастық қолдау көрсетіп, спорт залын жөндеуге қажетті құрылыс материалдары, жабдықтар мен құралдар сатып алынды.  

Тәуелсіз Қазақстанды дамытуға қосқан үлесі үшін 2016 жылы Дін және азаматтық қоғам істері жөніндегі министрліктің алғыс хатымен марапатталды. 2017 жылы Динара Өтебаева «Жетім балаларға, толық емес отбасылар мен көп балалы отбасыларға көрсеткен көмегі үшін» аталымы бойынша Қазақстандағы ҮЕҰ бірінші сыйлығының иегері болды. Ештеңеге бейжай қарамау, жанашырлық, өмірдегі белсенді ұстаным – Динара Қайырбекқызы Өтебаеваны жұрттан ерекшелеп тұратын басты қасиеттер. Оның бойындағы әйелге тән жұмсақтық пен іскерлік қасиет керемет үйлеседі. Бастаған ісін соңына дейін жеткізуге дағдыланған Динара Өтебаева алдына қойған мақсатын орындау үшін ештеңеден тайынбайды. Оның қызығушылықтары сан қырлы, жұмысының бағыты алуан түрлі. Алайда қаншама жұмысты атқарып жүрсе де Динара Өтебаева отбасын ешқашан ұмытқан емес. Себебі қай заманнан жар қызығы мен ана болу бақыты әр әйелдің шын бақыты екендігі белгілі. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus