Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Ауғанстан – жүректегі жара
13.03.2019

12 наурызда әмбебап оқу залының қызметкерлері Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына арналған «Ауғанстан – жүректегі жара» кешін өткізді.

Кешке келгендер соғыс туралы, интернационалдық парызын орындау барысында Кеңес Одағының Батыры атағын иеленген ауғандық жауынгерлер туралы әңгіме тыңдады. Шараға қатысқан «Дарын» мектебінің оқушылары өлең оқып, «Көңіл толқыны» күйін орындады. Шара барысында «Борис Керімбаев. Паншер патшасы» деректі фильмі көрсетілді.

Кешке арнап безендірілген «Ауғанстан – жазылмайтын жара» кітап көрмесінен қонақтар ауған соғысының тарихымен және ардагерлердің естеліктерімен, сол кездегі құжатты деректермен, публицистикалық мақалалармен және шынайы оқиғаларға негізделіп жазылған көркем шығармалармен танысты.

 Кездесу ерлік пен қасіретке толы ауған соғысына қатысы барлардың барлығын еске алу және оларға құрмет көрсету ретінде ұйымдастырылды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ