Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
#Наурыз
14.03.2019

Көктем – табиғаттың тірілетін, қоршаған ортаның оянатын: жас шөптің жұпар иісі мұрынды жарып, құстардың сайрағаны естілетін кезі. Осы бір тамаша кезеңде бізге ұзақ уақыт ұмыт болған, ал қайта оралғаннан кейін халықтың ең сүйікті мерекесіне айналған Наурыз мейрамы да жетеді. Қазіргі кезде Наурызды барлық қазақстандықтар асыға күтеді, оның құрметіне барлық жерде мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Наурыз қырында қар жатқанына қарамастан Қазақстанның терістігінде де тойланады, себебі наурыз табиғаттың гүлдей бастайтын айы болып саналады.

Наурызда адамдардың тұрмысы, шаруасы, үміті мен қуанышы көрініс тапқан қазақ халқының көптеген аңыздары мен сенімдеріне, салтына, дәстүріне   байланысты бірқатар белгілер бар. Қазақстан қызғалдақтар отаны болып табылады. Наурыз мейрамының ежелгі белгілерінің бірі қызғалдақ болып саналады. Шығыстың кейбір елдерінде Наурызды «қызыл гүл» мерекесі деп те атайды. Қызғалдақтың қызыл түсі – бұл оттың, күннің және өмірге деген жігердің түсі. Ал жасыл түс – жапырақтар мен түрлі шөптің түсі табиғаттың оянғанын, оның жаңарғанын, жаңа өскіннің өмірге келгенін білдіреді. Біздің халқымызда көктемде тау басында гүлдейтін көгілдір қызғалдақты көрген адамның үнемі жолы болып, бақытты болады деген сенім бар. Сол сбепті Қазақстанның тұрғындарына жеріміздің сәні ғана болып қоймай, мәдени сұрыптарды байыту үшін бағалы тұқым болып табылатын қызғалдақты табиғатта сақтау бойынша ең жауапты міндет жүктелген.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus