Туған өңірдің тарихына, өңірлердің алуан түрлі өзіндік мәдениетіне деген қызығушылықтың өсуі, болашақ ұрпақты тәрбиелеудің маңыздылығын түсіну кітапханалардың өлкетану жұмыстарын белсенді жүргізуіне, өлкетанушылық библиографиялық құралдар жасауына ықпал етеді.
Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінде «Библиография әлемі» көрмесі жұмыс істейді. Көрмеге облыстық кітапхана мен облыс кітапханаларының баспа өнімдері қойылған. Облыс кітапханаларының баспа жұмысы өңіріміздің бай тарихына оқырмандардың назарын аударуға бағытталған.
Қостанай облысының танымал тұлғалары туралы библиографиялық жеке әдебиет көрсеткіштері ерекше назар аударуға тұрарлық.
Бөлім 1973 жылдан бастап «Қостанай облысының атаулы күндері және оқиғалар күнтізбегін» шығарып келеді.
«Библиография әлемі» көрмесі тұрақты жұмыс істейді және жаңа әдебиеттердің шығуына орай жаңартылып отырады.
Барлықтарыңызды құралдармен танысуға шақырамыз.