Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
#Наурыз
15.03.2019

Қазақ халқының барлық әні аспаптарда ойнаумен сүйемелденеді. Қазақ халқы дүниеге әкелген әндер мен күйлер халықпен бірге жасап келеді. Музыкалық аспаптарда ойнау дәстүрі ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп келеді.

Барлық аспаптың пайда болуы туралы аңыз бар деуге болады. Гуслиге ұқсас жетігеннің де өзінің көне аңызы бар. Өте ертеде бір қарт өмір сүріпті. Оның 7 ұлы болыпты. Бір жылы қыс қатты болып бар мал қырылыпты, аштық басталыпты. Жұрт тамақ таппай тентіреп кетіпті. Ажал ұлдардың бірінен соң бірін ала беріпті. Қайғыдан қан жұтқан қарт қолына балта алып бір құрғақ ағашты шаба беріпті. Алғашқы ішекті ол үлкен ұлы қайтыс болғанда тартады. Жалғыз ішекпен жоқтау жырын айтады. Барлық ұлдары бірінен соң бірі өле береді, ал әкесі ішекті қоса береді және әрқайсысына жаңа күй шығарады. Осылайша жеті ішекті жетіген пайда болған деседі.

Қобыздың пайда болуы Қорқыт есімді адаммен байланысты. Қорқыт қобыз тартқан кезде тірі жанның барлығы тыным тауып, оның күйін тыңдайтын болған. Ол қобыздың үнінен мәңгі өлмейтін өмірді іздеген. Халықтың жадында көптеген ғасырлар бойы Қорқыттың есімі, оның қобызы мен музыкасы сақталып келеді. 

Домбыра қазақ музыка әдебиетінде ерекше орынға ие. Бұл халықтың ең сүйікті және ең көп таралған аспабы. Домбыра тарта білген адамдар халық ішінде зор құрметке бөленген. Олар өз өмірлерін домбыраның шығармаларын жетілдіруге арнаған. Ауылдарды аралап жүріп күй тартатын, ән айтатын музыканттар халықтың сүйіктісіне айналған. Домбыра өте қолайлы аспап: оны кез келген адам өзімен алып жүре алады, өзі жеңіл, оңай күйіне келтіріледі.

Аталған аспаптар қазіргі кезде де күнделікті өмірде кеңінен қолданылады. Оларды оркестрлер мен ансамбльдерде ойнайды. Олардың негізгі мақсаты – халық музыкасын орындау, ұмыт болған дәстүрлерді насихаттау, халық аспаптарында орындаушылықты дамыту.

«Сазды аспаптар сыры» көрмесіне қазақтың көне музыкалық аспаптары жайында әңгімелейтін кітаптар, журнал мақалалары қойылған. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus