Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Өзекті ақпарат
15.03.2019
Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК оқырмандарын «Ақпараттар ағымы» кітап көрмесіне қойылған әдебиеттермен танысуға шақырады. Көрменің материалдары мазмұны, көлемі мен тақырыбы бойынша алуан түрлі.
Көрмедегі тақырыптық жедел сөрелер өзекті тақырыптардың шығуымен пайда болады және мемлекетіміздің дамуының маңызды кезеңдерін көрсетеді. Қазіргі кезде пайдаланушылар назарына қазақ тілін латын қарпіне көшіруге байланысты материалдар мен «Жыл кітаптары – 2019» акциясының авторлары және олардың шығармашылығы туралы ақпарат ұсынылған. Биыл еліміз шығармалары көрменің сөрелеріне қойылған Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романымен және Әбділда Тәжібаевтің поэзияларымен танысады.
Оқырмандар каталогтан іздемей және уақыт жоғалтпай-ақ мемлекетіміздің саясатын көрсететін соңғы жылдардағы бағдарламалық басылымдармен таныса алады:
ҚР Президентінің 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы;
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы (2018);
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың халыққа «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуі (2018);
Қазақстандық бауырластық пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы (2015);
«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты (2012).
Сондай-ақ көрмеге оқырманның Қостанай облысының тарихымен, экономикасымен, статистикасымен танысуына мүмкіндік беретін кітаптар қойылған.
Сіздерді ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөліміне шақырамыз!


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus