15 наурызда облыстық кітапхана ұжымында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың "Нұр Отан" партиясының ХVІІІ съезінде сөйлеген талқыланды. Спикерлер: ақпарат, тіркеу және бақылау бөлімінің меңгерушісі В. А. Некрасова, әдеби-ақпараттық бөлімінің меңгерушісі И. Б. Жамбулова, өнер әдебиеттері бөлімінің бас әкімшісі Н. А. Гилязова және кітапханашы Д. А. Құлмағамбетова баяндама жасады.
Баяндамашылар өз сөздерінде әлеуметтік қолдауға және адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған, бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын арттыру, табысы төмен азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешу, білім беру және денсаулық сақтау саласын жақсарту сияқты партияның әлеуметтік саясатының ұсынылған үш негізгі бағыты өзекті болып табылатынын және азаматтардың өмір сүру деңгейін айтарлықтай арттыратынын атап өтті.