Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Тың эпопеясы – болашақ бастауы»
15.03.2019

2019 жылдың 14 наурызында Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімі Қостанай облысына алғашқы ерікті тыңгерлер тобының келгеніне 65 жыл толуына арналған «Тың эпопеясы – болашақ бастауы» дөңгелек үстелін өткізді.

Тың және тыңайған жерлердің игерілуі туралы ҚазКСР еңбек сіңірген агрономы, Таран және Семиозер аудандық партия комитетінің бұрынғы хатшысы, алғашқы тыңгер Леонид ФедоровичЛемперт айтып берді. Сондай-ақ «Целинная хроника» кітабының авторы, «Қостанай баспа үйі» ААҚ президенті, Украинаның Қостанай және Ақтөбе облыстары бойынша құрметті консулі Тарасенко Анатолий Владимировичтің әңгімесі де қызықты болды. ҚР және РФ тарих ғылымдарының докторы Дмитрий Максимович Легкийдің әңгімесінен кейін тыңды игерудің қажеттігі мен ХХ жүзжылдықтың жалпыға ортақ еңбек жетістігіне деген ешкімнің күмәні қалмады. Облыстық мұрағаттың бас маманы Анна Александровна Карпухина әкелген мұрағат деректері мен фотохроника шараға шақырылған студенттерді тыңгерлердің ортасына түсіргендей әсер етті.

Шараның басты оқиғаларының бірі құрастырушы авторы Анатолий Владимирович Тарасенко кітапханаға сыйға тартқан «Целинное село Крымское» кітабының тұсаукесері болды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus