Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
#Наурыз
18.03.2019

Бауырсақ

Көшпелі өмір салтында өте бір ауқатты адамдарда болмаса,жұрттың көбінің қолына қап-қап ұн түсе бермеген ғой. Сондықтан ұннан әзірленетін тағам түрлері сирек ұшырасқан. Екіншіден, көшпелі тіршілікте қамыр ашытып, нан пісіретін пеш салу үрдісінің де көп тарамағаны шындық. Содан да қолға түскен азын-аулақ ұннан бауырсақ сияқты даярлануы тез нан тағамдары көбірек пісірілген.

Бауырсақ – кәделі тағам. Кез-келген жиын-тойда, сауық кештері мен ас-қатым түсіргенде қазақтың ең алдымен қонақтарына кілегей, қаймақ қатқан қызыл күрең шай құятыны белгілі. Ал шай дастарханына құрт – ірімшік, қант-кәмпитпен бірге ақ бауырсақты  молынан төгу молшылықтың белгісі болған.

Ашытылған қамырдан және ашымаған қамырдан пісірілетін бауырсақ негізінен осы екі түрге бөлінеді. Ашыған қамырдан пісірілген бауырсақтың екі түрі болады. Бірінде қамырға ұн сеуіп отырып, жұмырлай есіп кеседі. Ыстық майға түскен кезде күмпиіп, домалақ пішінге енеді. Екіншісінде, қамырды шелпек сияқты онша жұқартпай, шаршылып кеседі. Ыстық майға тускен кезде күмпиіп кетпес үшін пышақтың  ұшымен екі-үш жерден тілікше жасайды. Бауырсақтың бұл түрін жер-жерде «тілме»,  «жалпақ бауырсақ», «қиық бауырсақ» деген сияқты әр түрлі атайды.

Сондай-ақ сапалы жоғары сұрыпты ақ ұннан өте сыйлы қонақтарға деп сүт пен май қосып, ашытпай  иленген ақ бауырсақ, иленген камыр жіңішкелей ширатылып, жіп сияқты есіледі де, қалаш сияқты дөңгелетіп немесе 10 см-дей  ұзынша күйінде пісіріп, үстіне бал жағып, аздап құмшекер сеуіп пісіретін шиыртпақ немесе бұрама бауырсақ  дейтін де түрлері болады.

Сегізбайұлы, К. Қазақы дастархан [Мәтін] / К. Сегізбайұлы. - Алматы: Атамұра, 2011. – Б.11-14.


ӨзектіЖаңалықтарМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасы