Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Француз тіліндегі әндер байқауы
18.03.2019

15 наурызда Әмбебап оқу залы Ө. Сұлтанғазин ат. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің Француз мәдени-білім орталығымен бірге Қазақстандағы Франция елшілігінің қолдау көрсетуімен 11-ші Француз тіліндегі әндердің ұлттық байқауының жартылай финалын өткізді.

Француз тілі махаббаттың, бейбітшілік пен достықтың тілі болғандықтан қаламыздың жастары арасында француз әндеріне деген қызығушылық жыл өткен сайын артып келеді.

Қазылар алқасы – музыка саласының мамандары мен француз тілінің оқытушылары кез келген француз тілінде сөйлейтін елдің авторларының әндеріне басымдылық берді.

Байқауға қатысушылар төрт санат бойынша бағаланды: сөзді дұрыс айту және дыбыстың тазалығы, мәтінді есте сақтау, ырғақтың дәлдігі және жылдамдығы, вокал, өзін сахнада ұстауы.

Байқаудың жеңімпаздары франкофон еместер (француз тілін оқымайтындар) және франкофондар (француз тілін оқитындар) аталымдары бойынша анықталды.

Байқаудың жеңімпазы болғандар:

-         франкофон еместер аталымы бойынша: Қуандықов Нұржан, Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК қызметкері, Сабигина Аина, ҚМУ студенті, агробиология факультетінің 2-курсы.

-         франкофондар аталымы бойынша: Рүстемқызы Гауһар, А. Байтұрсынов ат. ҚМУ филология факультетінің 2-курс студенті, Аманбаева Даяна, ҚМПУ филология факультетінің 2-курс студенті.

Жеңімпаздар Алматыда 27 наурызда өтетін француз тіліндегі әндер байқауының финалына қатысып, бірінші орынға берілетін Парижге саяхат үшін күш сынасатын болады.

Байқау барысында қазақ тілінде және Қазақстанның басқа халықтарының тілдерінде әндер орындалды.

Байқау аяқталды, ал француз әніне деген сүйіспеншілік жалғаса бермек. Кітапханаға қош келдіңіздер, бізде француз тілін үйренуге мол мүмкіндік бар.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus