Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
#Наурыз
19.03.2019

Байге

Ұлы тойда, аста, мерекеде жыққан балуанға, озған жүйрікке, жеңген ақынға берілетін жүлде. Тойдың, астың дәрежесін, қызығын осы бәйгеге қарап анықтауға болады. Бәйгенің ең үлкені әдетте бас балуаны мен жүйрік атқа тағайындалады. Әсіресе ат бәйгесіне көп мал, мол дүние, мүлік тігіледі. Бұл жомарттық, мәрттік, ерлік, ғұрып. Оның біраз бөлігін аруаққа, ақсақалдарға атап, қалағанын жанындағы  жолдастарына бөліп береді. Балуан бәйгесі де үлкен. Оған кілем жабылған түйе берілген, ақындарға шапан кигізіп, ат мінгізген. Бәйге жеңімпаздарға берілетін жүлде болғанмен кейде ат жарысты да «Бәйге» деп айта береді. Ат жарысының ұзаққа шабатын аламан бәйге, сондай-ақ тоқ бәйге (бәйге аттары санатында тіркелмеген аттар жарысы), құнан бәйге деп аталатын түрлері бар. Бәйге қазақ халқының рухани, мәдени дәрежесін көтеретін және көрсететін үлкен дәстүр.

Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (қазақ, орыс  ағылшын тілдерінде).  – Алматы: Атамұра, 2015. – 224 бет + 48 бет  жапсырма.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus