Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Сыры терең сырлы сөздер»
02.04.2019

1 сәуірде Л. Н.Толстой ат. ОӘҒК қонақжайында кітапхана қызметкерлері Анастасия Серікованың «Star kids» актерлік шеберлік студиясына қатысушылармен бірге әлемдік әдебиеттің атақты шебері Николай Васильевич Гогольдің туғанына 210 жыл толуына арналған көркемдік-театрлық композиция өткізді.

Н. В. Гоголь – бүкіл әлем мойындаған орыс әдебиетінің классигі, жазушы, драматург, публицист, поэтикалық, сонымен қатар сыры ашылмаған авторлардың бірі. Оның шығармашылығы болмысты көркемдік тұрғыдан көрсетудің жолдарын байытты, шынайы әдебиетте гротескті, фантастиканы, символиканы қолданудың шексіз мүмкіндіктерін көрсетіп берді. Жазушының «Вечера на хуторе близ Диканьки», «Миргород», «Петербургские повести», «Ревизор» және «Мёртвые души» секілді шығармаларын оқырмандар әлі күнге сүйсіне оқиды.

Ішінде белгілі қостанайлық жазушылар, педагогтар, ғалымдар, сондай-ақ қаланың оқу орындарының студенттері болған көрермендерге «бірінші жақтан» Н. В. Гогольдің өмірі мен шығармашылығы туралы тамаша әңгіме айтылып, кеш оның «Ночь перед Рождеством» повесінің бойынша қойылған көрсетіліммен толықтырылды. Шара жазушы жайында өз пікірлерін білдірген А. Байтұрсынов ат. ҚМУ оқытушысы, профессор Ю. Я. Бондаренконың және қоғам қайраткері А. С. Денисовтың сөз сөйлеуімен аяқталды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus