Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қиялдағыны құтқарушылар»
08.04.2019

Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК қонақжайында Даниэл Дефоның «Робинзон Крузо» романының шыққанына 300 жыл толуына арналған «Қиялдағыны құтқарушылар» атты безендірілмелі кітап көрмесі ұйымдастырылды. Д. Дефоның шығармалары замандастарына қатты әсер етіп, әдебиетте, кейін кино саласында жаңа жанрдың – «робинзонаданың» пайда болуына себепші болды. Оның басты ерекшелігі түрлі жағдайға байланысты қоғамнан ажырап, жеке қалған адамды көрсету болып табылады.

Көрмеге «Робинзон Крузоның» түрлі басылымдары, Д. Дефоның өмірбаяны, «робинзонада» жанрына жатқызылатын кітаптар – Жюль Верннің «Таинственный остров», Г. Уэллстің «Остров доктора Моро», Э. Берроуздың «Тарзан – приёмыш обезьяны», «Кратер» Ф. Купера, А. және Б. Стругацкийлердің «Обитаемый остров», Ф. Карсактың «Робинзоны космоса» шығармалары, сондай-ақ қостанайлық журналистердің елсіз аралда қалған Робинзон секілді Науырзым қорығында жеке өмір сүріп жатқан адам жайындағы мақалалары қойылған.

Атақты философ Ж.-Ж. Руссо ««Робинзон Крузо» шығармасын әр бала әріп танысымен оқып шығуы тиіс бірінші кітабы болуы керек» деп санаған. Бұл шығармалар жеке тұлға мен қоғамның өзара байланысы туралы, өркениет пен жабайылық туралы, жалғыздық пен жүректілік жайында ойлануға мәжбүр етеді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus