Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Киелі жерлер бірлік пен жаңғыру нышаны»
17.04.2019

Қостанай облысының жері тарихи және мәдени ескерткіштерге бай. Кесенелер, тарихи орындар, елді мекендер әлі күнге өткен дәуірдің құпияларын жасырып жатыр. Мұндай киелі жерлерді көру сол кездердің куәгерлерін кездестірумен және оқиғаларын көрумен бірдей болған болар еді.

Өлкетану әдебиеттері бөлімінде Қостанай облысының киелі жерлеріне арналған «Киелі жерлер бірлік пен жаңғыру нышаны» көрмесі жұмыс істейді.

Сәуір айындағы көрме Амангелді ауданының киелі жерлеріне арналған. Көрмеге Амангелді Имановтың жерленген жері туралы материалдар, Абылай Маудановтың «Ор торғай – Ерлік мекені» кітабы, «Светлый образ батыра», «Информационно-маршрутный каталог достопримечательностей Костанайской области Торгайского региона» кітаптары және 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың сардары болған халық батырының өмірі мен қызметі жайындағы басқа да басылымдар қойылған.

Киелі және мәдени орындарға арналған көрменің екінші бөліміне Торғай төңірегіндегі ғажайып және жұмбағы шешілмеген нысандардың көп жылғы зерттеу материалдары енген «Ритуально-сакральные геометрические комплексы («геоглифы») Тургая» кітабы қойылған.  Аталған басылымда зерттелген 69 нысан туралы ақпарат берілген.

Хамитбек Мұсабаевтың «Региональные сакральные объекты Казахстана», «Аманкелді елі» кітаптарында Құтан әулие туралы материалдар жинақталған. Найман руынан өкілі болып табылатын Құтан Аталықұлы кемеңгерлігімен, ақылымен және көрегендігімен ерекшеленген. Құтан әулие көзінің тірісі кезінде қасиетті адам саналған.

Барлық тілек білдірушілерді Қостанай облысының киелі жерлері туралы жаңа материалдармен жаңартылып отырылатын көрмемізді көруге шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus