Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Өмір бойы сүйіп өтер өңір» атты Қарабалық ОКЖ кітапханалар күні
24.04.2019

2019 жылдың 23 сәуірінде былтырдан басталған «Аудандық және қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі күні» жобасы аясында Қарабалық ОКЖ келген әріптестеріміз өздерінің жұмыстарын таныстырды. Аталған ОКЖ аудандық орталық кітапхана мен балалар кітапханасынан басқа 18 ауылдық кітапхана кіреді.

Жоба өткен жылы бастау алған болатын, жоба жұмыс істеген кезінде Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК алаңшаларында облыстың 6 ОКЖ өкілдері өздерінің инновациялық жұмыс түрлерін ортаға салды, қызықты кездесулерімен, театрландырылған қойылымдарымен қуантты.   

Алайда аталған жоба мұнысымен ғана қызықты емес, ең бастысы біз осылардың барлығын өз қолдарымен жасайтын адамдарды көрдік, кітапханашылардың керемет сұхбаттас, талантты актер, қолөнер шебері, биші және әнші бола алатынына көз жеткіздік. Бұлардың барлығы біздің кітапханаларымыздың әлеуеті жоғары екендігін көрсетеді. Бұл кітапханалардың ауылдық жердегі жалғыз мәдениет ошағы болып отырған қазіргі кезеңде ерекше құнды болып табылады. 

 Қарабалық ауданы Ресей Федерациясына шығар «қақпа» болғандықтан бұл ОКЖ жұмысындағы ерекшеліктердің бірі шекаралас ауылдардың кітапханаларымен ынтымақтастық болып табылады.

Педагогтар мен ақындар – кітапты насихаттаудағы кітапхананың бірінші көмекшілері. Оқырман конференциялары, кештер, жергілікті ақындармен кездесулер ешқашан олардың қатысуынсыз өтпейді.

 Көптеген жылдар бойы аудандық кітапхана жанынан әдеби бірлестіктер жұмыс істейді, олардың жұмыстарында аудан ақындары өздерінің шығармашылықтарын таныстырып қана қоймай, жаңадан шыққан поэтикалық жинақтармен, әдеби-көркем журналдарда жарияланған өлеңдермен, әдеби-сыни мақалалармен танысады.

«Рухани  жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2017 жылдан бастап ОКЖ-да ұзақ мерзімді екі жоба: «Қарабалық жерінің маржандары» және «Ғасырдан ғасырға сақтаймыз» жұмыс істейді. «Қарабалық жерінің маржандары» жобасы 2020 жылдың маусым айының аяғына дейін есептелген.

Қарабалық ОКЖ келген әріптестеріміз «Тарихқа айналған тұлғалар» өлкетану көрмесіне шолу жасады, ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының қоғамдық өміріндегі көрнекті қайраткерлердің бірі, ақын, ағартушы, журналист, педагог, Қарабалық ауданының тумасы М.Сералиннің өмірі мен қызметі туралы «Ел есіндегі есімдер» атты шығармашылық кеш өткізді.

«Қарабалық жерінің маржандары» әдеби-сазды қонақжайында облыс кітапханашылары ауданның танымал ақындарымен танысты.

Кітапханашылардың қолынан шыққан бұйымдар қойылған «Қиялдан туған туындылар» сәндік-қолданбалы өнер шығармашылығы көрмесі көпшіліктің шынайы қызығушылығын тудырды.

«Шебердің қолы ортақ» шеберлік сыныбында шараға қатысушылар өз қолдарымен сәндік ағаш жасап үйренуге мүмкіндік алды. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus