Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жастарға мамандандырылған қызмет көрсету – әлем кітапханаларының талдауындағы тақырып» облыстық семинары
25.04.2019

2019 жылдың 23 сәуірінде Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК «Жастарға мамандандырылған қызмет көрсету – әлем кітапханаларының талдауындағы тақырып» облыстық семинары болып өтті.

Жастарды тарту кітапхананың жемісті жұмыс істеп жатқанының және оның тұрақты дамып келе жатқанының маңызды көрсеткіші болып табылады, сол себепті Қостанай облысының мемлекеттік кітапханаларының кітапхана мамандарының кезекті семинары осы өзекті тақырыпқа арналған. Семинардың жұмысына ҚХА Қостанай облысы бойынша «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы Мырзағалиев Руслан Жүсіпбекұлы және Облыстық жастар бірлестігінің ақпарат секторының маманы Хижняк Дарья Сергеевна қатысты.

Олардың баяндамасынан семинарға қатысушылар облысымыз бен қаламызда жастарға арналған қандай мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асырылып жатқанын және кітапханалардың оларға қалай қатыса алатыны туралы білді.

«Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының» 7-11 сынып оқушыларына және жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі Шевченко Юлия Борисовна «Кітапхана және жастар: сұхбат сыры» атты баяндамасында кітапхананың жасөспірімдермен жүргізіп жатқан жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК 5 жылдан бері қазақ тілінде жазатын жас ақындардың «Ақ қауырсын» шығармашылық бірлестігі жұмыс істейді. Клубтың жас ақындардың шығармашылық қабілеттерін ашуға және дамытуға қандай мүмкіндік беретіні туралы Өлкетану әдебиеттері бөлімінің кітапханашысы Сейіл Жұлдызай Есенбекқызы айтып берді.

Кітапханалар жас оқырмандарды тарту үшін көпшілік жұмыстың көптеген түрін қолданады. Олардың басқа әдістерден артықшылықтары туралы, жастарды кітапханаға қалай қызықтырып жатқандары туралы Лисаков ОКЖ №2 кітапхана-филиалының меңгерушісі Поливода Светлана Викторовна бөлісті.

Рудный ОКЖ қызметкерлерінің жастармен қандай жұмыстар жүргізіп жатқаны туралы кітапханашылар қалалық орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Наталья Васильевна Павлецованың баяндамасынан білді. Оның баяндамасы «NEXT ұрпағының кітапханасы: жұмыс тәжірибесі» деп аталды.

Н. Островский ат. Қостанай қалалық орталық кітапхананың белсенді жастарды қалай тартатыны және жинайтыны жайлы Н.Островский ат. ҚОК ұлттық әдебиет секторының меңгерушісі Дүйсембаева Ботагөз Әділбекқызы әңгімеледі.

Қазіргі кезде кітапханалардың барлығының дерлік жұмысы БАҚ-да, кәсіби журналдарда, интернет-кеңістікте – сайттарда, әлеуметтік желілерде, блогтарда және т. б. көрініс тауып отырады. Кітапханашылар өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, әріптестерінің тәжірибелерін де белсенді пайдаланады. Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Елена Васильевна Шустованың баяндамасы Қазақстанда, сондай-ақ шетелде қолданылатын жастарға кітапханалық қызмет көрсетудің жаңа жолдарына арналды.

Сұратулардың қаншалықты сапалы орындалатынын, кітапхана қызметінің, кітапханашылардың қарым-қатынасының, кітапхана қоры құрамының және т.б. оқырмандардың көңілінен шығатынын-шықпайтынын білу үшін кітапхана мен пайдаланушы арасында тұрақты байланыс болуы керек. Оқырмандарды зерттеу, олардың қызығушылықтарын, түрлі сауалдарға қатысты пікірлерін білу оқырмандардың білім алушылық, ақпараттық қажеттіліктері туралы мәліметтердің негізгі дереккөздердің бірі болып табылады. Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК өткізген зерттеудің қорытындысы туралы «Жас оқырманның портреті» баяндамасында Өлкетану әдебиеттері бөлімінің кітапханашысы Белоусова Ирина Валерьевна айтып берді.

Біздің облысымыз шекаралық аймақта орналасқан, біз үш жағымыздан Ресей Федерациясымен шектесеміз, соның ішінде ең ұзын шекара Челябі облысы арқылы өтеді.

Екі мемлекет секілді біздің кітапханаларымыз да достық қарым-қатынасты берік ұстанып келеді.

Көптеген жылдардан бері Челябі мәдениет институты біздің кітапханалық кадрларымызды жоғары білікті мамандармен толықтыруға көмектесіп келеді. Семинар кезінде педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Челябі ММИ кітапханалық-ақпараттық жұмыстар кафедрасының меңгерушісі Матвеева Ирина Юрьевна онлайн-байланысқа шықты. Оның баяндамасының тақырыбы «Басты бес сұрақ: кітапхана мен жастардың байланысы» болды.

Бұдан кейін «Өзіңнен күткеннен көбірек істе» тақырыбымен сөз алған «Челябі облыстық жастар кітапханасы» МҚММ директорының м.а. Горбат Ольга Петровна облыстық жастар кітапханасының жұмыс тәжірибесін ортаға салды. 

ЧОӘҒК әріптестерімізбен тағы бір кездесу өтті. Жақында өткен Басшылық мектебінде олардың өлкетану әдебиеттерімен қалай жұмыс істейтіндері туралы тыңдаудың мүмкіндігі туды. Бұл жолы «Құқықтық және іскер ақпарат орталығы» бөлімінің кітапханашысы, «Неформат»жастар бірлестігінің көшбасшысы Филатова Мария Анатольевна Челябі облысының жас кітапханашыларының жұмыс тәжірибесімен таныстырды. Оның баяндамасы «Жас кітапханашылардың кәсіби шығармашылығы» деп аталды.

Семинардың жұмысына қатысуы үшін облыстық кітапханалардың, қалалық және аудандық ОКЖ басшылары мен қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлері шақырылды.

Семинар жұмысының қорытындысы бойынща материалдар жинағы шығарылды. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus