Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Жас скрипкашы, композитор және вокалшы Глеб Николенкомен кездесу
26.04.2019

24 сәуірде облыстық кітапхананың жиналыс залында жас скрипкашы, композитор және вокалшы Глеб Николенкомен шығармашылық кездесу болып өтті.

Глеб скрипкада 5 жылдан бері ойнайды. 10 жасқа енді толған ол музыка жазады, халықаралық, республикалық, облыстық байқаулар мен фестивальдардың лауреаты болып табылады. Жас музыканттардың республикалық байқауының Гран-при иегері, Гнесиндер ат. ІІІ халықаралық байқаудың дипломанты (Мәскеу қ.).

Оның ұстаздары Тулупова Елена Петровна мен Биғабылова Ботагөз Төреақынқызы Глебтің өте талантты екендігін, жасы мен талантының сәйкес келмейтіндігін, музыкалық қабілетінің ерекше екендігін, оның болашағының зор екендігін атап өтті.

Жас музыкант музыкамен айналысудың еш қиындық тудырмайтынын, ал скрипканы сұлу сазы үшін ұнатып қалғанын жеткізді. Ол сондай-ақ ән салғанды ұнатады, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлбану Абдулина жетекшілік ететін «Liberta» вокалдық ансамбіліне асыға және қызыға барады.

Глеб кездеуге келгендерді атақты композиторлардың шығармаларымен қуантты және өзі шығарған шығармаларды орындады.

Қонақтар оның шығармашылығына қатысты көптеген сұрақтар қойды, байқауға қатысқандағы алғашқы әсері туралы білді, дайындық пен негізгі мектептегі сабақтарды қалай ұштастырып жүргені туралы сұрады. Кездесу өте қызықты және жоғары көңіл күймен өтті.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus