Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Отанға қызмет – абыройлы міндет
04.05.2019

Еліміздің басты мерекелерінің бірі – Отан қорғаушы күні қарсаңында Әмбебап оқу залы сіздердің назарларыңызға «Отанға қызмет – абыройлы міндет» көрмесін ұсынады.

Көрмеге қойылған материалдардың ішінде «Жоғарғы қолбасшы – әскери қауіпсіздік кепілі» кітабы ерекше назар аударуға тұрарлық. Кітаптың авторы генерал-лейтенант, Республикалық гвардияның қолбасшысы Абай Тасболатов Елбасының егемен еліміздің Қарулы күштерінің құрылуына және мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлесі туралы баяндайды.

Т. М. Мұхамадеевтің «Военная стратегия Казахстана: исторический аспект» монографиясы әскер ісінде болып жатқан процестерді, Қазақстан қарулы күштерінің түрлері мен стратегиялық әскери істерді жүргізу әдістерін тереңірек тануға, Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі әскери стратегиясының заңдылықтары мен ағымдарын түсінуге және соның негізінде оның жақын болашақтағы сипатын болжауға мүмкіндік береді.

Барлығыңызды көрмемізбен танысуға шақырамыз.

 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus