Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Жұрттың жадында жүрер жеңіс
06.05.2019

Біздің өмірімізде көптеген – жарқын, көңілді, салтанатты, толғандыратын, ұлы мерекелер бар, алайда олардың ешқайсысын Ұлы Жеңіс мерекесімен салыстыруға келмейді.  Биыл 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 74-інші жылдығы. Соғыс жылдары қайтыс болған аталарымыз бен әкелерімізді жадымызда ұстау біздің жан дүниеміздің басты байлығы деуге болады.

Әмбебап оқу залында аталған оқиғаға арналған кітап көрмесі жұмыс істей бастады.

Көрменің көрнекті жеріне Ұлы Отан соғысының ауыр сынағын басынан кешкендер, жер аударылғандар, қашқындар туралы, өз өмірлеріне қауіп төніп тұрғанына қарамастан толассыз келіп жатқан әйелдерге, балалар мен қарттарға көмек көрсеткен жергілікті тұрғындар жайындағы кітаптар қойылған.

Олардың ішінде Ұлы Отан соғысы туралы төмендегідей үздік туындылар бар:

«Жеңіс! Победа!» фотоальбомыбасылымға қазақстандық қаһармандардың, тыл еңбеккерлерінің қайталанбас фотосуреттері мен соғыс кезіндегі деректі материалдар енгізілген.

Бастамашылар тобы жарыққа шығарған Ұлы Отан соғысы жайындағы "Ер есімі - ел есінде - Мы помним, мы гордимся" естелік кітабы.

"Герои Великой Победы - казахстанцы" екі томдығы. Басылымның басты мақсаты – қазіргі кездегі қазақстандықтар мен келер ұрпаққа өз елінің Батырларының ерлігі туралы өсиет айту, солар сияқты болуға ұмтылуға және қолынан келгенше әркімнің Отанды қорғаудың тарихи дәстүрін лайықты жалғастыруға шақыру, қазақстандық отаншылдықты тәрбиелеу.

3 томдық «Пламя Победы» кітабы Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтар туралы әңгімелейді. Сондай-ақ кітапқа елеулі шайқастар енгізілген, Кеңес Одағының Батырлары туралы әңгімеленеді, әйелдердің соғысқа қатысуы көрсетілген, балалар мен немерелердің әкелері мен аталары жайындағы айтқандары келтірілген.

«Солдаты Победы. Казахстан в годы Великой Отечественной войны 1941-1945» кітабы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлерін шығару» бағдарламасы бойынша шығарылған. Көркем безендірілген және мазмұны бай кітап Қазақстанның әр өңіріндегі көптеген адамдардың еңбегінің нәтижесі.  

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс тақырыбы көрмеге қойылған басқа да басылымдардан көрініс тапты.

Біз қазақстандықтардың Ұлы Жеңісті жақындатуға қосқан үлесін шын мәнінде мақтаныш етеміз.

Біз майдандағы және тылдағы ерлеріміздің есімін мәңгі есімізде сақтауға және олардың ерлігіне лайықты болуға  міндеттіміз.

Көрме 2019 жылдың 30 мамырына дейін жұмыс істейтін болады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus