Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Отбасылық оқу: жетістіктер сыры»
06.05.2019

Қазіргі кездің адамы өзінің білімі мен дағдыларын үнемі жетілдіріп, біліктілігін толықтырып отыруы тиіс, ол қоғамдағы жалпы жағдайды бағамдап отыруы тиіс.  Ақпаратқа қол жеткізу, онымен жұмыс істей білу негізгі мәселеге айналып отырған қазіргі кездегі ақпараттық қоғамда адамның өз білімін өзі жетілдіруі өзекті мәселеге айналды. Сол себепті «Отбасылық оқу» кітап көрмесінің мамыр айындағы бөлімінің тақырыбы «Жетістіктер сырына» арналды. Көрмеге психология, философияға қатысты Роберт Кийосакидің «Богатый папа, Бедный папа» және «Квадрант денежного потока», Николай Козловтың «Формула Успеха или философия жизни эффективного человека», Хосе Стивенстің «Приручи своих драконов» секілді әдебиеттері, сондай-ақ классикалық әдебиеттер қойылған. Көрмеге қойылған кітаптар отбасының барлық мүшелері үшін пайдалы болмақ және кез келген істе жетістікке жетуге көмегі тиері анық.

Көрме 01.05. және 31.05. аралығында жұмыс істейтін болады.

Барлық тілек білдірушілерді көрмені тамашалауға және ұнаған кітапты таңдап алуға шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus