Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Махаббат қызық мол жылдар»
14.05.2019

7 мамыр - Отан қорғаушы күніне орай Л. Н. Толстой атындағы облыстық кітапхана және І. Омаров атындағы қазақ драма театры жас ақындар отырысын ұйымдастырды. Яғни екі мәдени ошақ бірлесе отыра «Махаббат қызық мол жылдар» атты поэзия кешін өткізді. Шараға өңірге танымал жыршы Қыдырбек Қиысхан, композитор, айтыскер Марғұлан Оспанов, «Шабыт» меценаттар сыйлығының иегері Аслан Қанғожин қонақ ретінде шақырылды.

«Ақ қауырсын» жастар әдеби клубының мүшелері Нұрсұлтан Сабыржан, Алмас Мұратбеков, Махаббат Жарбосина, Қарлығаш Сұлтан, Данияр Ихсан, Жауынбай Жылқыбайұлы, Нұржан Қуандық сынды ақындар мен әншілер өнерлерін ортаға салды. Мұндай әдеби отырыстар жас ақындардың шығармашылығымен етене таныс болуға септігін тигізеді. Сондықтан ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осындай рухани шаралар өткізуді жоспарлап отыр.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ