Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Алыс күндер сағынышын жыр еттім»
14.05.2019

6 мамырда өлкетану әдебиеттері бөлімі танымал ақын, журналист, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Қостанай қаласының құрметті азаматы Жолбарыс қажы Баязидтің 85 жасқа толуына арналған «Алыс күндер сағынышын жыр еттім» атты шығармашылық кеш өткізді.

Ақынның сұңғыла сөз сырына үңілуі, өлең әлеміне іңкәрлігі оқырман қауымды бей-жай қалдырған емес. Құрметті қонақ өзінің естеліктерімен бөлісіп, ал шақырылған қонақтар мерейтой иесінің атына көптеген ізгі лебіздерін жеткізді. Кездесуде өмірлік жолдасы, қызы, қаламдас әріптестері, олардың ішінде Қостанай қаласының қажыларда қатысты.

Қонақтар мен оқырмандардың назарына мерейгерге арналған көрме ұсынылды. Көрмеге автордың еңбектері, замандастарының ол жайындағы естеліктері қойылды. Кездесу соңында автор кітапханаға өзінің кітаптарын тарту етті.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus