Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Су жағасындағы демалыстың қауіпсіздігі
16.05.2019

15 мамырда Әмбебап оқу залы Қостанай қ. №115 ОМ «Су жағасындағы демалыстың қауіпсіздігі» әңгіме-талқылауын өткізді. Шара барысында жаз мезгілдерінде өзен-көл бойында адам өмірін сақтау ережелеріне ерекше көңіл бөлінді. Су қоймалары мен өзен-көлдерде бақытсыз жағдайларға жол бермеу үшін оқушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге шақырылған ТЖ басқармасының аға инженері Айдос Сүлейменов балалардың өзен-көлдерде өздерін қалай ұстау керектігі туралы, төтенше жағдай орын алғанда өздеріне және басқаларға қалай көмектесу керектігі туралы жан-жақты айтып беріп, қатысқандарды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.

Оқушылар «Су қоймаларындағы қауіпсіздік», «Өзен-көлдегі қауіпсіздік негіздері» бейнесюжеттерін қызыға тамашалады.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ