Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Әулиекөл және Науырзым ОКЖ кітапханалар күні
16.05.2019

2019 жылдың 15 мамырында «Қостанай облысы орталықтандырылған кітапхана жүйесі» жобасы аясында бірден екі ОКЖ – Әулиекөл және Науырзым ОКЖ әріптестерінің назарына өздерінің жұмыс тәжірибелерін ұсынды.

Шараның мақсаты әріптестеріміздің жұмыс тәжірибесімен танысу, Қостанай облысының мемлекеттік кітапханаларындағы жұмыстың инновациялық түрлерін анықтау, кітапхана мен кітап оқудың рөлін арттыру.

Шараға қатысушыларды облыстық Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Ирканқызы Әзімжанова құттықтады.  Екінші қабаттың ашық алаңында Әулиекөл ОКЖ қызметкерлері дайындаған «Таң қаларлық тағдыры бар туған жерім» және Науырзым ОКЖ қызметкерлері дайындаған «Біздің мақтаныштарымыз» фотогалереяларға Кеңес Одағының Батыры және Еңбек Ері атағы берілген жерлестеріміздің, интернационалист жауынгерлердің және басқа да атақты тұлғалардың фотолары, аудандардың тарихы мен қазіргі жағдайын баяндайтын суреттер қойылды.   

Фотогалереялар туған өлке туралы әдебиеттер қойылған «Киелі жерім – Науырзым» және «Әулиекөл – таң қаларлық тағдыры бар мекенім!» кітап көрмелерін ұтымды толықтыра түсті. Екі ОКЖ кітапханашылары кітап көрмелеріне арнап тартымды және мазмұнды шолулар дайындады.

Бұдан кейін шараны Әулиекөл ауданының алғашқы тыңгері Екатерина Трофимовна Дергунге арналған «От истории семьи к истории района» және Л.Фефелованың «Шолақсай. Загадки и свидетельства истории» кітабының тұсаукесеріне арналған кездесулер жалғастырды. Кітаптың тұсаукесеріне «Шолақсай-1» ЖШС директоры Ихтиляпов Өмірзақ Бекділдаұлы қатысты.

Түстен кейін көрермендерді Әулиекөлдің жас ақыны, Солтүстік Қазақстан әдебиетшілер қауымдастығының және Қостанай жастарының «Крылья» поэтикалық бірлестігінің мүшесі Яна Федоровичпен болатын кездесу күтіп тұрды. «Свет твоего сердца отражаем» деп аталған шарада қонақ өз өлеңдерін, прозаларын оқып қана қоймай ән де айтты, фортепианода да ойнады және өзінің шығармашылық жоспарлары туралы да айтып берді. 

Науырзым ОКЖ келген әріптестеріміз «Jastar» клубының «Оқырман ұрпақ – ұлт болашағы» - «Читающее поколение – будущее нации» кітаби бульварын көрсетті. Оны Шилі ауылдық кітапханасының кітапханашысы Бірмағамбетова Гүлжазира Сапарғалиқызы дайындады және өткізді.

Әулиекөл ОКЖ қызметкерлері дайындаған «Обращенное в профессию творчество» атты кітапхана мамандығының жарнамасында үздік сценарийлер, портфолиолар, марапаттар, «Дәстүр», «Шеберлер елі», «Атамекен» қызығушылық бойынша оқырмандар клубтарының жұмыстары және т.б. көрсетілді.

Шара екі ОКЖ қызметкерлері бірлесе дайындаған, жиналғандардың көңілін көтеріп, жарқын болашаққа деген сенімді нығайта түскен мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus