Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Поэзия – тағдыр таңдауы»
20.05.2019

17 мамырда Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторы «Поэзия – тағдыр таңдауы» тақырыбымен ақын және аудармашы Әбдірахман Серғалиұлы Досовтың шығармашылық кешін өткізді.

Әбдірахман Серғалиұлы – көптеген халықаралық, республикалық және облыстық әдеби байқаулардың жеңімпазы және лауреаты, 6 кітаптың авторы.

Ол өзіне тән қолтаңбасы бар ақын ретінде ғана емес, сондай-ақ М. Мақатаев, Ф. Оңғарсынова, А. Шаяхмет, С. Оспанов, Ж. Баязид, М. Бектемірова секілді және т. б. белгілі қазақ авторларының поэтикалық, прозалық және драмалық шығармаларын аударумен айналысатын аудармашы ретінде де танымал. Биыл ол төртінші рет «Әдебиет» аталымы бойынша қостанайлық Меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының иегері болды.

Кеште автор өз өлеңдерін оқыды, сондай-ақ ақынның жиені Мұрат Макинның орындауында Ә. С. Досовтың өлеңіне жазылған ән орындалды. Авторды құттықтауға қаламдастары, достары, кітапхана оқырмандары, қаланың жоғары оқу орындарының студенттері келді.

Сөз сөйлегендердің ішінде Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК директоры Д. Т. Дүйсебаева, ақын және педагог А. И. Суслова, А. Байтұрсынов ат. ҚМУ оқытушысы, профессор Ю. Я. Бондаренко, қоғам қайраткері А. С. Денисов, ақын және селекционер А. С. Удовицкий болды. Олардың барлығы Әбдірахман Серғалиұлының өлеңдеріне бейнеліліктің әдемілігі және ойдың классикалық анықтығы тән екендігін атап өтісіп, авторға ұзақ өмір мен елдің игілігі үшін жемісті жұмыс істей беруін тілесті.

Достық ахуалдағы кездесу мен шеберлікке деген ортақтастық барлық кездесуге келгендердің жүректерінде ұзақ сақталатын болады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus