Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қасіретке толы кезең кітап көрмесі
22.05.2019

20 мамырдан бастап Әмбебап оқу залында Саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арналған «Қасіретке толы кезең» атты кітап көрмесі жұмыс істеуде. Бұл күн елімізде 31 мамырда аталып өтіледі. Әр халықтың, мемлекеттің өмірінде ұмытуға болмайтын оқиғалар болады. Қоғам қанды террордан жазықсыз зардап шеккен азаматтарын ұмытпауы тиіс. Бұл оқиғаларды естен шығармау бүгін немесе ертең жаңа қателіктерге жол бермеуімізге себепші болып табылады.

Көрмеге қуғын-сүргінге ұшыраған саяси қайраткерлер туралы, халықтардың жер аударылуы мен Қазақстандағы аштық туралы материалдар қойылған.

Көрмеге қойылған әдебиеттердің ішінен жерлестерімізге – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, алдыңғы қатардағы зиялы қауым өкілдеріне арналған Ғалихан Мәулетовтың «Үрей мен Үміт – Страх и Надежда» кітабы ерекше назар аударуға тұрарлық.

1936 жылы қайтадан құрылып жатқан Қостанай облысына еліміздің әр түпкірінен өз еріктерімен, жүректерінің қалауымен келген олар «халық жауы ретінде» талай азаптарды бастарынан өткізіп, атылып кеткен болатын.

Болат Жүнісбековтың жетекшілігімен шыққан «Каталог коллекций фонда музея «Алжир»»  жинағында халқымыздың басынан кешкен қасіретті кезеңі жайында әңгімеленеді. Басылымда ғалымдар мен жазушылардың зерттеу мақалалары, куәлар мен олардың ұрпақтарының естеліктері, сондай-ақ тоталитарлық жүйенің құрбандарының жеке заттарының фотосуреттері жинақталған.

Төлепберген Болатбектің «Мәңгі жас – Алаш идеясы» монографиясында автор қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғау жолында орын алған қоғамдық құбылыстарға талдау жасайды.

Кітап көрмесі еліміздің тарихын, оның қайғылы оқиғаларын білігісі келетін көпшілік оқырман қауымға арналған.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus