Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Алашқа адал болған қайраткер» еске алу кеші
23.05.2019

«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында Әмбебап оқу залы Қазақстанның белгілі саяси және мемлекет қайраткері Сұлтанбек Қожановқа арналған еске алу кешін өткізді.

Н. Назарбаев бір сөзінде «Біздің Сұлтанбек Қожановтың өмірінен алатын үлгіміздің бірі – кең ойлау, өз халқың үшін шынайы уайым жеу, оның кемшіліктерін айта білу, осылайша олардан арылуға көмектесу» деген болатын. Сұлтанбек Қожанов – саяси және мемлекет қайраткері, Қазақстанның дамуына өлшеусіз үлес қосқан ғалым, көсемсөзші, редактор. Біртұтас Түркістанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күреске қатысушы. Оның есімі біздер үшін ерекше маңызды және барлық қазақстандықтардың мақтанышы деуге болады, ал оның өмірі мен қызметі келер ұрпақ үшін Отанға қызмет етудің үздік үлгісі болып табылады.

Кешке белгілі жазушы, ақын, көсемсөзші, аудармашы, журналист, Ө. Сұлтанғазин ат. ҚМПУ профессоры С. Оспанов, журналист, ахметтанушы И. Ағытайұлы, Қостанай гуманитарлық колледжінің тарих мұғалімі С. Ж. Досмағанбетов қатысты.

Шара мемлекет қайраткеріне арналған бейнефильмнен үзінді көрсетумен сүйемелденді, оның құрметіне өлеңдер оқылды.

Қонақтардың назарына Сұлтанбек Қожановтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі және азаматтық ерлігі жайында тамаша басылымдар қойылған кітап көрмесі ұсынылды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus