Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ерікті жанның еркін жырлары» пікірталас кеші
30.05.2019

30 мамырда әдеби қонақжайда америкалық ақын Уолт Уитменнің еркін жырларына арналған пікірталас кеші өтті. Кеш әлемнің поэзиясына үлкен ықпал еткен белгілі әдебиетшінің туғанына 200 жыл толуына арналды. Уолт Уитмен верлибр – ұйқас пен ырғақсыз құрастырылатын лирикалық жанрдың негізін қалаушы болып табылады.

Шараға шақырылған Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттері Уолт Уитменнің өмірбаяны мен шығармашылығының ерекшелігін талқылауда үлкен белсенділік көрсетті. Талқылауға кешке қатысқандардың бірқатарының көңілінен шыққан ақын шығармаларынан алынған дәйексөздер алынды. Уитмен өз шығармаларында бүгінгі таңда да өзекті болып табылатын тақырыптарды: барлық адамның теңдігін, махаббатты, өмір мен өлімді жырлайды. Кеш соңында ақын шығармашылығының барлық негізгі идеясын көрсететін «Песнь о себе» өлеңінен үзінді оқылды.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ