Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Өз қолыңнан шыққан зат – ләззаттың шыңы» көрме-кеңесі
04.06.2019

Құрметті оқырмандар!

Абонементтер бөліміндегі «Отбасылық оқу» кітап көрмелері циклі жұмысын жалғастыруда. Маусым айындағы экспозицияның тақырыбы шығармашылыққа арналды.

Николай Гоголь бірде «өз қолыңмен бірдеңе істеп шығарғаннан артық ләззат жоқ» деген болатын. Ал кез келген іске шығармашылық тұрғыдан қарауды адамның жас кезінен дамытқан дұрыс. Көрмеге қойылған В. Корнилованың «Успеть сделать, пока ребенок не вырос», О. Корчинованың «Декоративно-прикладное творчество в детских дошкольных учреждениях», Ю. Азарованың «Семейная педагогика» кітаптары бұл орайда көп көмек көрсете алатын дүниелер болып табылады.

Үй шаруашылығына, қолөнерге, үйде тамақ дайындауға арналған Т. Сергиенконың «Дизайнерские украшения своими руками», Н. Ликсоның «Бисер», А. Колпаковтың «Современная энциклопедия хорошей хозяйки», Ш. Герлингстің «Пэчворк», А. Махлистің «Карвинг: декоративная резьба по овощам и фруктам» сияқты кітаптары және т. б. басылымдар үлкен қызығушылық тудыратыны сөзсіз. Үй ішіндегі шебердің үй мен саяжайды безендіру үшін білуі қажетті нәрселердің барлығын П. Бобиковтың «Мебель своими руками. Дизайн, изготовление, ремонт» кітабынан алуға болады. Г. Кизиманың «Сад, огород и цветник. Проверенные приемы» және Н. Коцареваның «Успешный сад и огород» кітаптары бақшашылықты жаңадан бастап жүргендер үшін де, тәжірибелі бақшашылар мен гүл өсірушілер үшін де пайдалы болмақ, себебі кітаптардан олар өздерінің барлық сұрақтарына жауап таба алады.

Барлық тілек білдірушілерді көрмені тамашалауға және өздеріңізге ұнаған кітаптарды таңдап алуға шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus