Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ән мен тағдыр тоғысқан тұс»
07.06.2019

Әмбебап оқу залында Анна Ахматованың туғанына 130 жыл толуына арналған «Ән мен тағдыр тоғысқан тұс» атты көрме-портрет дайындалды. ХХ ғасырдың ірі мәдени құбылысы ретінде бағаланған Ахматованың шығармашылығы әлемге әйгілі болды.

Ол «Этна-Таормина» халықаралық сыйлығының лауреаты, Оксфорд университетінің әдебиет докторы құрметті атағының иегері болды.

Көрмеге Аманда Хейттің ақынның барлық өмірін қамтыған жалғыз «Анна Ахматова. Поэтическое странствие» атты өмірбаяндық кітабы қойылған. 60-шы жылдары жас зерттеуші ақынмен жиі кездесіп жүрді, олардың ұзақ әңгімелесулері осы кітапта көрініс тапқан. Автор Ахматованың көзқарасын, пікірін, ойының бағытын бере алған. А. И. Павловскийдің «Анна Ахматова. Жизнь и творчество» кітабында ақынның қиындыққа толы болған шығармашылық жолы көрсетілген, оның «Вечер», «Четки», «Белая стая» секілді алғашқы поэтикалық кітаптары қарастырылған, Ұлы Отан соғысы кезіндегі және соғыстан кейінгі кезеңдегі шығармаларына талдау жасалған.

Көрме көпшілік оқырманға арналған және ай бойы жұмыс істейтін болады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus