Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Астанаға арналған көрме
19.06.2019

2019 жылдың 18 маусымы мен 18 шілдесі аралығында Абонементтер бөлімінде «Ұлы дала астанасы» кітап көрмесі жұмыс істейді.

Назарларыңызға Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу тарихы мен еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласының дамуын көрсететін қазақ және орыс тілдеріндегі материалдар ұсынылған.

Көрмеге қойылған материалдардың ішінен «Жыр құшағында. Ән қанатында», «Астана – Қазақстанның жүрегі = Астана – сердце Казахстана» кітаптары, сондай-ақ «Астана» безендірілген энциклопедиясы көңіл аударуға тұрарлық. «Ел жүрегі – Астана. Сердце страны – Астана» кітабында Қазақстанның қазіргі кездегі тарихы бойынша бағалы дереккөз болып табылатын естеліктер, толғаныстар мен куәліктер жинақталған. Көркем безендірілген барлық басылым ХХІ ғасырдың соңғы үлгідегі қаласын жасаудың маңызды ұлттық жобасы болып табылатын ел астанасының көрікті жерлері туралы жан-жақты ақпарат береді.

Көрмемен танысуға шақырамыз!
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus