Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Тұңғыш президент – тәуелсіздігіміздің тірегі болған тұлға
19.06.2019

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – тәуелсіз Қазақстан Республикасының бірінші басшысы, сондықтан да елдің әр азаматы өмір бойы оның шығармашылық, жасампаздық идеялары мен ел үшін істеген істерін еріксіз есіне алып жүретін болады.

17 маусымнан бастап ҚР тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 30 жыл бойы ел басқарған еңбегіне арналған «Тұңғыш президент – тәуелсіздігіміздің тірегі болған тұлға» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Бірінші президенттің идеясы, оның барлық күш-жігері демократиялық мемлекет құруға бағытталды. Көрмеге отандық және шетелдік жазушылардың ҚР тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тіршілігіне, оның егемен Қазақстанның аяғынан тұруына және дамуына сіңірген рөліне арналған кітаптары қойылған. Оқырмандар президенттің «Қазақстан жолы», «На пороге ХХІ века», «G-Global –ХХІ ғасыр әлемі» (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) кітаптарымен, арасында «Жизнь замечательных людей» сериясымен шыққан В. Ф. Михайловтың, Т. А. Мансуровтың «Нурсултан Назарбаев» кітабы және көркем безендірілген «ХХІ ғасыр – Қазақстанның жұлдызды ғасыры» басылымы бар мемлекет басшысының қызметі жайындағы түрлі кітаптармен таныса алады. Онда Н. Назарбаевты оқырмандарға мемлекет басшысы ғана емес, сондай-ақ халқының нағыз көшбасшысы, елжанды адамы ретінде көрсететін Қазақстан Республикасы Президентінің әдемі суреттері жинақталған. Басылымда Н. Назарбаевтың Отан туралы, Қазақстанның халқы туралы, ұлттық мәдениеттің ерекшеліктері және т. б. туралы айтқан сөздері келтірілген.

Көрме апта бойы өз оқырмандарын күтетін болады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus