Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Менің өлкем – өшпес тарих сырлары» атты Сарыкөл ОКЖ кітапханаларының күні
21.06.2019

2019 жылдың 19 маусымында Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК «Аудандық және қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі күні» жобасы аясында Сарыкөл ОКЖ келген әріптестеріміз өздерінің жұмыстарындағы кәсіби жетістіктерімен және жаңалықтарымен таныстырды.

Аталған ОКЖ аудандық орталық кітапхана мен балалар кітапханасынан басқа 22 ауылдық кітапханадан тұрады. Аудандық кітапхана жүйесінің кітапханашыларына үлкен жауапкершілік жүктелген – Сарыкөл орталық кітапханасы 2002 жылдан бері кітапханашы, ұзақ жыл бойы еліміздің басты кітапханасына – А. С. Пушкин ат. Қазақ КСР республикалық кітапханасына (Алматы қ. Ұлттық кітапхана) жетекшілік еткен Нәзира Қожахметқызы Дәулетованың есімімен аталады.

Ұйымдастырушылар Қазақстанның спорт шебері, еліміздің алты дүркін чемпионы, Паралимпиада-2018 ұлттық құраманың капитаны, Пхёнчханда өткен қысқы параолимпиада ойындарында алтын алған алғашқы қазақстандық Александр Колядинге арналған «Александр Колядиннің шаңғы жолының шыңына шығуы» атты кездесу өткізді.

«Есімдер бар, сондай оқиғалар бар» естеліктер альбомы Қарақұм шөлінен өткеніне 35 жыл толуына арналды. Қатысушылардың арасында Сарыкөл ауданының тумасы Сақыпжанов Зейнелғабиден де болды. Еске алу кешінде оның ұстазы, халықтық білім беру ісінің үздігі С. Г Мачнёва мен оның сыныптасы С. Т. Ахметова З.Сақыпжанов жайлы ескеліктерімен бөлісті.

Сондай-ақ Сарыкөл ОКЖ келген әріптестеріміз «Уезден ауданға дейін»  тақырыбындағы өлкетану көрме-инсталляциясына шолу жасады, «Жас таланттар» шығармашылық жұмыстар вернисажы, «Әсемдік – қолөнермен» шеберлік-сыныбын өткізді.

Шараға облыстық мәдениет басқармасының басшысы Е. Б. Қалмақов, Қостанай облысы кітапханаларының басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ Сарыкөл ауданынан шыққан Қостанайдың шығармашылық қауымының өкілдері, кітапхана ісінің ардагерлері қатысты.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus