Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жазғы оқылым»
21.06.2019

20 маусымда Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК қызметкерлері қаланың орталық демалыс бағында жыл сайынғы «Жазғы оқылым» акциясының ашылуын өткізді. 

Жазғы демалыс кітап оқитын жаңа оқырмандар тартуға, шығармашылық кеңістік жасауға және барлық тілек білдірушілердің әдебиетпен қауышуына тамаша мүмкіндік береді. 

Мерекені Виктория Басованың вокалдық студиясының балалары ашты. Қостанайлық ақын және жазушы, облыстық шығармашылық байқаулардың жеңімпазы, халықаралық байқаулардың қатысушысы Александра Ильинична Суслова оқушыларға жазғы демалысты көңілді және қызықты, ең бастысы пайдалы өткізуге кеңес беріп, өзінің «Солнце на ресничках» кітабынан өлең оқыды.   Ардагерлер арасындағы дойбыдан (классика және рапид) Қазақстан чемпионы Юрий Яковлевич Бондаренко барлық тілек білдірушілерді дойбыдан өтетін жарысқа қатысуға шақырды.

Кітапхана қызметкерлері балалармен бірге үлкендер де құлшына қатысқан «Ертегілер викторинасын» дайындады. Ең белсенді қатысушылар әр дұрыс жауап үшін сыйлықтар алды.

Би жарысы да қызықты және әсерлі өтті, әрбір қатысушы өзінің түрлі биге деген қабілетін байқап көруге және қарсыласын қапы қалдыруға тырысты. Билер бір-біріне ұқсамады және өзіне тән қимылдарымен ерекшеленді. Үздіктің үздіктері дипломдармен марапатталды.   

Барлық тілек білдірушілерді сағат 11.00-ден сағат 16.00-ге дейін мәдениет және демалыс бағында жұмыс істейтін «Жазғы оқылымға» шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus