Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Домбыра – көшпенділер тарихының көне көзі»
25.06.2019

Ұлттық домбыра күні – барлық қазақстандықтар үшін тамаша мереке. Өзінің ұлттық күнін алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның астанасында 2018 жылы бекіткен ол жыл сайын шілденің бірінші жексенбісінде аталып өтіледі. Ол қоғамды ұлттық мәдениет пен ерекшелікті сақтау және жаңғырту идеясы айналасында одан ары біріктіру мақсатында бекітілді. «Домбыра – музыкалық аспап қана емес, ол қасиетті мұра. Ол қазақ халқының еш нәрсемен салыстыруға болмайтын және қайталанбайтын бренді және төлқұжаты. Домбыра – қазақ халқының мінезі мен тарихын көрсететін көне аспап», - деген болатын өз сөзінде мемлекет басшысы.

Абонементтер бөлімінде аталған мерекеге арналып «Домбыра – көшпенділер тарихының көне көзі» кітап көрмесі дайындалды. Көрмеге қойылған кітаптар ұлттық аспаптың тарихы туралы, оның құрылымы, түрлері мен пішіндері туралы, қазақ домбырасының маңызы туралы мәлімет береді. Көрме көпшілік оқырман үшін қызықты болмақ. Барлығыңызды ағымдағы жылдың 20 маусым айынан бастап 19 шілде айына дейін жұмыс істейтін көрмені тамашалауға шақырамыз.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ