Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Қайырымдылық концерті
01.07.2019

28 маусымда мәдениет және демалыс саябағының сахнасында «Жизнь на ладони» жобасын қолдау мақсатында өлкетану әдебиеттері бөлімі ұйымдастырған қайырымдылық концерті өтті. Барлық жиналған қаражат қостанайлық музыкант Самат Ибраевтың он бір жастағы ұлы Асылжан Ибраевқа беріледі. Балада есту жолының микротиясы мен атрезиясы, 3 дәрежелі кондуктивтік мүкістігі бар.

Концерт үлкен аудитория жинады. Алғашқы сөз «Жизнь на ладони» жобасының үйлестірушісі, «Костанайские новости» газетінің тілшісі Мария Шилоға берілді. Кеш бойы тек авторлық әндер мен өлеңдер айтылды. Орындаушылардың көбі қостанайлықтарға жақсы таныс, олар көптеген қалалық шаралардың қатысушылары болып табылады, сондай-ақ, біздің кітапханамен де белсенді байланыста: Наталья Закора және «Рисунки ветром» тобы, Екатерина Паевская, Дмитрий Говорков, Дмитрий Бородин, Павел Чилига, Самат Ибраев, ақын Артем Шевченко және «63», «Другая Реальность», «Территория Ра» топтары.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ