Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Еріктілік – адамгершілік негізі»
05.07.2019

Құрметті оқырмандар!

Екінші жартыжылдық бойы Әмбебап оқу залында «Еріктілік - адамгершілік негізі» көрме-танысуы жұмыс істейді

Ерікті - бұл мейірімділікке сенім, болашаққа үміт және айналадағыларға сүйіспеншілік ұялататын адам! Сол себепті нағыз ерікті адамгершілік пен саламатты өмір салтының, төзімділік пен ынтымақтастықтың, саналылық пен риясыздықтың үлгісі болып табылады. «Мен ары таза емес және ойында арамдығы бар адамдардың ерікті адам бола алмайтынына сенімдімін. Еріктілік – бұл шынайы отаншылдықтың көрсеткіші, себебі сіздер өз еліме қызмет етсем, оны жақсы қыла түссем және барша халықтың өмірін жайлы етсем деген ізгі ниетпен әрекет етесіздер»,- деген болатын мемлекет басшысы.

Көрмеге «Сорос-Қазақстан» еріктілер үйі сыйға тартқан «Как работать с волонтерами» кітабы, еріктілердің игі істері мен даңқты ерліктеріне арналған «Воспитательный потенциал волонтерства», «Самостроительство души», «Добровольчество (волонтерство) как мощный фактор развития гражданской активности и успешной социализации детей и молодежи» секілді газеттер мен журналдардың жарияланымдары қойылған.

Барлығыңызды еліміздің жас отаншылдары жайындағы аталған әдебиеттермен танысуға шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus