«Әдеби десант» жобасы аясында Алтынсарин ауданы Большая Чураковка ауылының балалар кітапханасында белгілі журналист, ақын, «Шабыт» халықаралық фестивалінің бас жүлде иегері, бірнеше кітаптардың авторы Абылай Фазылханұлы Маудановпен кездесу өтті.