Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«ЗАМАНА ЖЫРШЫСЫ»
02.08.2019

Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторында Қазақстанның халық ақыны – Омар Шипиннің туғанына 140 жыл толуына орай «Замана жыршысы» атты кітап көрмесі дайындалды.

         Омар Шипин - эпостық дәстүрді жаңғыртушы, көлемді дастандар жазған. Еңбекшілерге рух беретін шағын тақпақ өлеңдері арқылы тың жанр қалыптастырған. Заманының заңғар жыршысы болған халық ақыны өз дәуірінің ең жоғарғы атақ-марапаттарына ие болып, Ленин, Еңбек Қызыл ту ордендерін омырауына таққан. Оның өлеңдерінде заман тынысы мен туған жерге деген перзенттік махаббаты айшықты суреттелген. Ақын қазыналы Қостанай топырағының қасиет-киесі мен әсем табиғатын, қарапайым халқын жырға қосады.

         Көрмеге ақынның таңдамалары, дастандары, өлеңдері, хикаялары және ақын туралы көлемді мақалалар қойылған. Барлық тілек білдірушілерді О. Шипиннің өмірбаяны мен шығармашылылық атмосферасын сезінуге шақырамыз.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ