Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Кереметті көре білген кісі» атты көрме
07.08.2019

Өнер туралы әдебиеттер бөлімінде орыс суретшісі И.Е.Репиннің 175 жылдығына арналған «Кереметті көре білген кісі» атты көрме безендірілді.

Көрмеге суретшінің өмірі мен шығармашылығы жайындағы кітаптар, сондай-ақ оның «Не ждали», «Иван Грозный и сын его Иван», «Бурлаки на Волге» секілді атақты шығармаларының репродукциялары мен  Антон Рубинштейннің, Модест Мусоргскийдің, Лев Толстойдың және Репиннің көптеген замандастарының портреттері енгізілген альбомдар қойылған. Бұдан басқа Илья Ефимович «Көшпелі сурет көрмелері серіктестігінің» мүшесі болғандықтан көрмеге осы бір суретшілер бірлестігі жайындағы кітаптар қойылған.  

И.Е. Репиннің өмірінің соңғы кезінде жазған «Далекое и близкое» өмірбаяндық кітабы көрменің ең құнды жәдігері болды. Илья Ефимович Репиннің әдебиет саласындағы қабілеті өте зор болатын. «Далекое близкое» –өмірі, әріптестері мен замандастары жайындағы естеліктер кітабы, ол 1915 жылы құрастырылды және баспаға дайындалды, алайда алғаш рет автор дүниеден өткеннен кейін 1937 жылы жарияланды, оншақты рет басылып шықты және көптеген шетел тілдеріне аударылды.   

Сіздерді суретші Репиннің әлемімен танысуға және 1 қыркүйекке дейін жұмыс істейтін көрмемізді көруге шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus