Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Мәдениеттер жарастығы
19.08.2019

17 тамызда Л. Толстой ат. ОӘҒК Челябі облысынан келген қонақтарды құшақ жая қарсы алды. Кітапханада А.С. Пушкиннің 220 жылдығына арналған жастардың  "Мәдениеттер жарастығы"  форумы өтті.  Шара  шекара шегіндегі ынтымақтастық аясында Қостанай және Челябі облыстары жастарының көшбасшылары мен ұлттық-мәдени бірлестіктерінің жетекшілерін қатыстыру арқылы өткізілді.

Челябі облысы халықтарының Достық үйінің директоры Ю.А. Лапидус жиынға қатысушыларға арнаған сөзінде өткізіліп отырған жиынның басты міндеті жастардың төзімділікті таратуға, жастар ұйымдары көшбасшыларының арасындағы байланысты орнатуға бағытталған әлеуметтік бастамаларына қолдау көрсету екендігін атап өтті.

Аталған пікір ішінде Қостанай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Б.Б. Аққожина, Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК директоры Д.Т. Дүйсебаева, «Қостанай облысының азаматтық альянсы» қоғамдық қорының төрағасы Д.К. Өтебаева, ақын, жазушы, драматург А.Қ. Шаяхмет және ақын, жазушы, педагог А.И. Суслова болған басқа да құрметті қонақтардың баяндамаларынан көрініс тапты.

А.С. Пушкиннің жалпы Қазақстанмен, соның ішінде Қостанай қаласымен байланысы туралы Л.Н. Толстой ат. ОӘҒК әдеби-ақпараттық секторының меңгерушісі А. В. Олексюк айтып берді.

Челябі облысы Пластовский ауданы әкімшілігінің мәдениет, спорт және жастар саясаты басқармасының басшысы М.В. Токарева спорттық және мәдени-демалыс жұмыстарындағы жетістіктерін ортаға салды.

Челябі облысының Аши ауданының аумағында 23 жылдан бері «Дружба» ұлттық мәдениеттер фестивалі өткізіліп келеді.  Аши қ. Мәдениет үйінің режиссер-қоюшысы А.И. Середовтың баяндамасы аталған қызықты бастамаға арналды.

Жиналғандарға жастарды театрландырылған қойылымдарға тарту тәжірибесі туралы Верхний Уфалей қ. жастар комитетінің мүшесі, «Вымысел» театрының актері А.А. Шолохов ақпарат берді. 

Бұдан кейін жиынға жиналғандар таныстықты «Вокал – как песня души» (жүргізушісі – Еманжелинск қ. «Лирика» эстрада студиясының жетекшісі  Т.В. Клайн) және «Имидж жизни современного молодого человека» (жүргізушісі – актер және режиссер А.А. Лиопа) шеберлік сыныбы аясында жалғастырды. 

Жастар квест пен А.С. Пушкиннің шығармаларынан алынған театрландырылған көрсетілімге құлшына қатысты және олар тапқырлық көрсетіп қана қоймай, шығармашылық шеберліктерін де көрсете білді.

Жиынның бағдарламасы Қостанай облысының өкілдері мен Челябі облысының делегаттары өнер көрсеткен этноконцертпен аяқталды.  Бұдан арғы қарым-қатынас бейресми жағдайда жалғасты.

Форум шекаралас облыстардың мәдени ынтымақтастығының маңыздылығын, мәдениет мекемелері мен жастар ұйымдары көшбасшылары арасындағы  жұмыс істеп жатқан және жаңа байланыстарға қолдау көрсетудің қажеттілігін тағы да бір дәлелдеп берді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus