Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Адамзаттың ядролық қасіреті
23.08.2019

Әмбебап оқу залында Семей ядролық полигонының ашылғанына 70 жыл толуына арналған көрме-досье жұмыс істей бастады.

Көрменің негізгі бөлімдері Семей полигонында ядролық қарудың сынақтан өткізілу тарихы жайында және олардың экологиялық және әлеуметтік зардаптары туралы баяндайды, сондай-ақ қазақстандықтардың ядролық сынақты тоқтату жолындағы қоғамдық күресі мен Семей полигонының жабылуы жайлы хабар береді.

Көрмедегі күрделі және құнды еңбектің бірі драматург және ақын, «Парасат» және «Құрмет» сыйлықтарының иегері Медеу Сәрсекенің «Семей қасіреті» кітабы болып табылады.

Жазушы өз кітабында Семей жеріндегі полигонда орын алған оқиғалар жайында, ядролық қарудың тұтқыны болған тұрғындардың тағдыры туралы әңгімелейді. Автордың өзі «қасірет кітабы» деп атаған бұл басылым жазылмайтын жараға айналған тарихтың осы бір кезеңінің енді қайтып ешқашан қайталанбауы үшін полигон болған жерде болған барлық нәрселерді ұмытпауға шақырады.

Көрмеге қойылған А. Құрманбаевтың «Қазақ баспасөзіндегі Арал жене Семей экопроблемалары», М. Сәрсекенің «Семей қасіреті», Г.С. Оспановтың, Г.Т. Бозшатаевтың «Экология», М. Аймақовтың «Көргендерім», «Ақ жол, асулар», Д. Сейсенұлының «Семей елі, жері», К. Бозтаевтың «Семипалатинский полигон», Н.Е. Морозовтың «Взгляд в прошлое» кітаптары мен тағы басқа басылымдар да оқырманның қызығушылығын тудырары сөзсіз. 

Барлығыңызды 20 қыркүйегіне дейін жұмыс істейтін көрмені көруге шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus