Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Әуесқой әдебиетшілердің қайырымдылық шараларының жабылуы
27.08.2019

23 тамызда мәдениет және демалыс саябағының басты сахнасында Өлкетану әдебиеттері бөлімі «Жизнь на ладони» жобасына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырған Әуесқой әдебиетшілердің  соңғы қайырымдылық шарасы өтті. Бұл жолы Қостанайдың ақындары, музыканттары мен суретшілері Дарина Ембергеноваға қажетті қымбат бағалы есту аппаратына қаржы жинау үшін бас қосты.   

Шараны «Жизнь на ладони» жобасының жетекшісі Ольга Афанасьевна Абалакова ашты. Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК басшылығына көмекке зәру балалардың тағдырына бейжай қарамайтындары және көмек көрсетуге дайын тұратындары үшін алғыс білдірді.  Шара бұрынғы екі шарадан басқаша өтті: Анастасия Серікованың «Star kids» театр студиясының өнер көрсетуі көрермендер үшін күтпеген сый болды. Балалар И.С.Тургеновтың «Муму» шығармасы бойынша соңы әдеттегіден басқаша аяқталған театрландырылған көрініс қойды. Бұдан кейін кітапханамен бұрыннан бері бірлесе жұмыс істеп келе жатқан   «Территория Ра» тобы, Дмитрий Говорков, Павел Чилига (үш шараға да қатысқан Нұр-Сұлтанның музыканты), Наталья Закора мен «Рисунки Ветром» тобы, ТК «63», Александр Майский, Самат Ибраев, Екатерина Паевская және Владимир Асанов секілді қаланың белгілі орындаушылары мен ұжымдарының музыкалық нөмірлеріне кезек берілді. Жас ақындар – қала мен облыстың көптеген поэтикалық байқауларының лауреаттары және жеңімпаздары Нелла Тайшикова мен Артём Шевченко өздерінің шығармаларын оқыды. Суретшілер де сырт қарап қалған жоқ – талантты портретші Александр Рерих екінші рет қайырымдылық негізінде барлық тілек білдірушілердің портреттерін салды. Барлық қатысушылар шара соңында кітапхана атынан алғыс хаттарға ие болды. Қостанайлықтар шығармашылықтың нақты пайда әкеле алатынын сөзбен емес, іс жүзінде көрсете білді. Мұндай кештер игі дәстүрге айналады және келесі жылы да жалғасын табады деп сенеміз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus