Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Тіл – ұлы байлық
28.08.2019

Қазақстан халқының тілдері күніне арналып Әмбебап оқу залында «Тіл  – ұлы байлық» жедел көрмесі безендірілді.

2017 жылдан бері бұл мереке біздің елімізде 5 қыркүйекте – қазақ филологиясының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновтың туған күнінде аталып өтіледі.

Жастардың лингвистикалық білімін кеңейту, еліміздегі халықтың мәдени мұраларын зерделеу мақсатында көрмеге қойылған А.Байтұрсыновтың қазақ лингвистикасы мен әдебиеттану ғылымына қосқан зор еңбегі жайында баяндайтын А.Б. Салқынбайдың «Қазақтың тілші – әдіскер тұлғалары», Е. Садықовтың «Шәкәрім және Алашорда», Б. Момыновтың «Қазақтың тілші ғалымдары» кітаптары ерекше қызығушылық тудырады.

Көрмеге сондай-ақ азаматтардың туған тілін сүюін, басқа ұлттардың тілдік дәстүрлерін құрметтеуін тәрбиелейтін еліміздегі өзге ұлттардың тіліндегі әдебиеттер де қойылған.

Әр тілдің өзінше сұлу, қызықты, бейнелі екендігін, басқа тілдермен байланысты тарихы мен тағдыры бар екендігін көрмеге қойылған «Қазақтың мақал-мәтелдері»,  «Легкое чтение на украинском языке»,  Лим Су «Золотые слова корейского народа»,  Serczyk W.  «Katarina II» кітаптарынан білуге болады.

Сіздерді қыркүйек айы бойы жұмыс істейтін кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ